386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Танзанияда жанармай көлігінің апатынан 60 адам қаза тапты

  • 120
  • UPD: 20:06, 10.08.2019

Танзанияда жанармай таситын көлік апатқа ұшырап, 60 адам опат болды.

Тағы 70-ке жуық тұрғын жарақат алды. Оқиға Морогоро қаласының маңында болған. Адамдар жанармай көлігін аударылған сәтте төгілген бензинді құйып алуға ұмтылған екен. Осы сәтте көлік атылған. Марқұмдардың көбі такси жүргізушілері. Жергілікті билік қаза тапқандар саны арта түсуі мүмкін деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы