386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде үкімет жағындағы күш бүлік шығарды

  • 163
Йеменде үкімет жағындағы күш бүлік шығарды

Йеменде хуситтерге қарсы күресіп жатқан заңды үкімет құрамындағы Оңтүстік өтпелі кеңес күштері бүлік шығарып, Аден қаласындағы президенттің сарайын басып алды.

Бүлікшілер шаһардағы әскери базаларды да бақылауына алған. Бірақ Оңтүстік өтпелі кеңес президент Абд Раббу Мансур Хадиды қолдайтындарын айтып бағуда. Еске сала кетейік, Йеменде 2014 жылдан бері президент Мансур Хади жақтастары мен хусит бүлікшілері арасында қақтығыс соғыс жүруде. Оңтүстік өтпелі кеңес осы уақытқа дейін президент жағында әрекет етіп, хуситтерге қарсы соғысып келген.

Хабар 24 телеарнасы