385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Копенгаген Трамптың аралды сатып алмақ ойын сынады

  • 196
Копенгаген Трамптың аралды сатып алмақ ойын сынады

Дания президенті Дональд Трамптың Гренландияны сатып алмақ ниетін сынға алды.

Дат саясаткерлерінің бірі бұл идеяны ақылға қонымсыз десе, өзгелері оны кеш айтылған бірінші сәуірлік қалжың деді. Осы елдің Сыртқы істер министрі Гренландия – бизнеске ашық аумақ, бірақ сатылатын жер емес деп мәлімдеді. Ал Копенгагеннің АҚШ-қа бұлай жауап қатуына «Уол Стрит Джорнэл» басылымындағы мақала түрткі болды. Онда Трамп кеңесшілерімен Гренландияны сатып алуды талқылағаны жазылған. Ал 55 мың тұрғыны бар Гренландия – Данияның құрамындағы автономды аймақ. Копенгаген оның тек қорғанысы және сыртқы саясатымен айналысады. Ал елдің ішікі істері аралдың өз бақылауында. Айта кететін жайт, 1946 жылы президент Гарри Трумэн де оны сатып алмақ болып, Дания ұсынысты кері қайтарған болатын.

Хабар 24 телеарнасы