387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Снайпердің оғы Бразилиядағы 16 адамның тағдырын бір сәтте шешті

  • 196
  • UPD: 11:22, 21.08.2019
Снайпердің оғы Бразилиядағы 16 адамның тағдырын бір сәтте шешті

Рио-де-Жанейро аудандарының бірінде 22 адам мінген автобусты кепілге алған адам оққа ұшты.

Оқиғаға кейіпкер болған жұрттың тағдырын снайпер атқан жалғыз оқ шешті. Сөйтіп, қарулы қаскүнемнің құрсауына түскен 22 адамның он алтысы бірден босатылды. Ал оның алтауын кепілге алушы соның алдында босатқан болатын.

Ақпаратқа сәйкес, жұртты кепілге алған адам өзі полицей болған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бразилиядағы Нитерой ауданында біреудің 22 адамды кепілге алғанын хабарлаған едік.

NewsExecutive

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы