386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия үкіметінің әскері лаңкестерге бағынышты болған қаланы азат етті

  • 167
  • UPD: 14:30, 21.08.2019
Сирия үкіметінің әскері лаңкестерге бағынышты болған қаланы азат етті

Сирия әскері 5 жылдан бері лаңкестердің қолында болған Хан-Шейхун қаласын бақылауына алды.

Үкімет жасақтарының шабуылына шыдамаған қарулы топтар қаланы тастап, қашып шықты. Сонымен әскерилер Идлиб аймағындағы стратегиялық маңызды шаһарды азат етті.

Айта кетейік, Идлиб аймағы президент Башар Асадқа қарсы оппозициялық күштердің бақылауындағы соңғы провинция. Ал Хан-Шейхун қаласы Дамаск шаһарын Хомс және Алеппомен байланыстыратын басты тас жолда орналасқан.  Сондықтан оны азат ету өңірдегі қарулы топтарға қарсы операцияның шешуші кезеңі десе де болады.

Хабар 24 телеарнасы