386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Хейл: АҚШ пен Орталық Азияның ынтымақтастығы берік

  • 134
  • UPD: 18:09, 21.08.2019

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысы Америка Құрама Штаттары мен Орталық Азия арасындағы дамып келе жатқан қатынастарға әсер етпейді.

Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл біздің арнаға берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді. Айтуынша, 5+1 форматы Орталық Азия мен Американың өзара іс-қимылы екі жақтың экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығына оң әсерін тигізеді.

Дэвид Хейл, АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары:

– Мен мұндай сауда айырмашылықтары біздің қарым-қатынасымызға әсер етеді деп қорықпаймын. Біз Қытаймен олардың сауда-саттық тәжірибесін өзгерту тұрғысында жұмыс жасаймыз. Бірақ бәрі талапқа сай болуы керек. Қытай да басқалар ұстанатын ережені орындауы тиіс. Яғни ашықтық, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – нарықтың басты құралы. Бизнес адал бәсекеде дамып жатқанына сенімді болу керек. Құрама Штаттардың берері көп, қазақстандық компаниялармен екі жаққа да тиімді әріптестік орнату үшін инвестициялық стратегияларын да ұсынады.

Сұхбаттың толық нұсқасын жаңалықтарымыздан кейін 17:20-да біздің арнамыздан көріңіздер.

Хабар 24 телеарнасы