387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WorldSkills 2019: Татарстанда жұмысшы мамандықтары арасындағы ӘЧ басталды

  • 130
  • UPD: 17:41, 23.08.2019
WorldSkills 2019: Татарстанда жұмысшы мамандықтары арасындағы ӘЧ басталды

Татарстан астанасында жұмысшы мамандықтары арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараның ашылу салтанаты 45 мың орындық Қазан-Аренада өтті. Бәсекеге жиналған 63 елдің құрамасы ресми түрде таныстырылып, әрқайсысына ерекше құрмет көрсетілді. Олардың арасында жерлестеріміз де бар. Әлем чемпионатына 34 қазақстандық маман жолдама алған болатын. Олар 31 бағыт бойынша өз біліктіліктерін көрсетеді. Бұдан бөлек 30-дан аса отандық сарапшы да осы халықаралық байқауға барған. Қазан төрінде жерлестерімізбен Үкімет басшысы Асқар Мамин кездесіп, оларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлемдік жұмысшы мамандықтары чемпионатына осымен үшінші рет қатысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы