386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилиядағы орман өрті көрші елдерге таралып жатыр

  • 160
  • UPD: 22:08, 23.08.2019

Бразилияда орман өртінің ошақтары күн санап көбейіп барады. Ел билігінің қызыл жалынмен күресуге әлі келмей жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, өрт Боливияға дейін жеткен. Аймақтағы ахуалға өзге елдер де алаңдаушылық білдіріп жатыр. Таяуда Чили көмек қолын созған еді.

Тараптар кінәні бір-біріне сілтеп жатыр. Мысалы экологтар Бразилия президенті кінәлі десе, ал Жаир Болсонару белсенділерді айыптайды. Енді бірі өрт ауа райының қолайсыздығынан шыққан деп болжам жасауда.

Бразилиядағы Амазон өзені бойындағы тропикалық аумақта орман өртеніп жатыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тілсіз жау 500 мың гектар жерді тып-типыл еткен. Табиғат апатынан орманды жерлер ғана емес елдің бірнеше қалалары да зардап шекті. Сан-Паулу қаласын қою түтін басып тұр. Экологтар «тұрғындардың денсаулығына қауіп төнді» деп дабыл қағуда. Елдің бірнеше штатында төтенше жағдай жарияланды. Ал, Бразилияның солтүстік аймағындағы джунглиде тұратын Мура атты Амазон тайпасы қайда барарын білмейді. Мұнда 15 мың тұрғын бар.

Освальдо Стела, зерттеуші:

Амазон ормандарын «жеңіл планета» деп атайды. Өйткені ғаламшардағы оттегінің 20%-ін Амазон орманындағы өсімдіктер түзеді. Биыл өрт өткен жылмен салыстырғанда 83%-ке көбейіп тұр. Бұл мәселемен бірлесе күресуіміз керек.

Раймундо Мура тайпасының өкілі:

- Тілсіз жаумен соңғы демім қалғанша күресемін. Алдағы өміріміз не болады. Қолда бар алтынымыздан айырылдық. Бұл жағдайда біреулер өз пайдасын көздейтін шығар. Бірақ біз өмірімізді және қоршаған ортамызды қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

18 күннен бері дес бермей, орманды алқапты еңсеріп бара жатқан өртпен күресуге Бразилия билігі қауқарсыз. Ел президенті Жаир Болсонару арнайы техника мен қаражаттың жеткіліксіздігін айтады. Қызыл жалын болса, Боливия аумағына жақындап қалды. Енді тілсіз жаудан сескенген Боливия, Парагвай мен Бразилия күш біріктірмек.

Жаир Болсонару, бразилия президенті:

Үкіметтік емес ұйымдарда қаражат жоқ. Жуырда оларды Норвегия мен Германия билігі қаржыландыруды тоқтатты. Өрттің себебін анықтау мүмкін емес. Оны ешкім мойындамайды да. Кінәні бәрі бір-біріне сілтейді. Аласапыран тудырмай, мәселені біріп шешуіміз керек.

Хуан рамон кинтана, Боливия президенті әкімшілігінің басшысы:

- Бұл жағдай бізді алаңдатып отыр. Өрт Парагвай өзеніне таяу тұрған Пуэрто-Буш қаласына жақындап қалды. Бұл жағдайда үш тарап та жұмыла керу керек.

18 күннен бері дес бермей, орманды алқапты еңсеріп бара жатқан өртпен күресуге Бразилия билігі қауқарсыз. Ел президенті Жаир Болсонару арнайы техника мен қаражаттың жеткіліксіздігін айтады. Қызыл жалын болса, Боливия аумағына жақындап қалды. Енді тілсіз жаудан сескенген Боливия, Парагвай мен Бразилия күш біріктірмек.

Жаир Болсонару, Бразилия президенті:

Үкіметтік емес ұйымдарда қаражат жоқ. Жуырда оларды Норвегия мен Германия билігі қаржыландыруды тоқтатты. Өрттің себебін анықтау мүмкін емес. Оны ешкім мойындамайды да. Кінәні бәрі бір-біріне сілтейді. Аласапыран тудырмай мәселені біріп шешуіміз керек.

Хуан Рамон Кинтана, Боливия президенті әкімшілігінің басшысы:

- Бұл жағдай бізді алаңдатып отыр. Өрт Парагвай өзеніне таяу тұрған Пуэрто-Буш қаласына жақындап қалды. Бұл жағдайда үш тарап та жұмыла керу керек.

Хабар 24 телеарнасы