386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте полицейлердің зорлық-зомбылығына қарсы акция өтіп жатыр

  • 148
  • UPD: 12:50, 24.08.2019

Гонконгтың ондаған мың тұрғыны полицейлердің зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық белгісі ретінде бірінің қолынан бірі ұстап, адамдар тізбегін құрды.

Ол бірнеше шақырымға созылды. Бұл шара «Гонконг жолы» деп аталады. Оған қатысушылар қолдарындағы  шамды жағып, ән айтып  жол жиектерінде тұрады. Акция бейбіт жағдайда өтуде. Белсенді топ көлік қозғалысын тоқтатуға, жолды жабуға  тырысқан жоқ.  Әзірге полиция жиналғандарды таратуға асығар емес. Айта кетейік, наразылық акциясы осыдан екі ай бұрын  басталған болатын. Гонконг тұрғындары Қытайға сол елдің заңын бұзған күдіктілер мен іздеуде жүргендерді қайтаруға қарсы заң жобасының тетіктерін жетілдіруге қарсылық білдірген. Жергілікті билік бұған қатысты заң жобасын кейінге шегергенімен наразылық басылар емес.

Хабар 24 телеарнасы