386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барселонада ұрылардан зардап шеккен қазақстандықтардың саны екі есе көбейген

  • 117
  • UPD: 21:33, 26.08.2019
Барселонада ұрылардан зардап шеккен қазақстандықтардың саны екі есе көбейген

Шетке шыққан ағайын абай болсын! Барселонаға барып, құжаты мен заттарын ұрлатып, сан соғып жатқандар көп.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, ұрылардан зардап шеккен қазақстандықтардың саны екі есе көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24»

Тек шілде айында 24 азамат елге қайта алмай, қайта төлқұжат жасатқан. Мұнда адам аяғы көп жерлерде ұры да көп. «Сондықтан сыртта жүргенде сақтық шараларын естен шығармау керек», - дейді-министрліктің ресми өкілі. Сондай-ақ ереуіл болып жатқан елдерге бару да қауіпті. Гонконгтегі шерулер кезінде екі қазақстандық Сыртқы істер министрлігінің көмегіне жүгінген.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Консулдық оларға көмек көрсетіп, әуежайға жеткізуге көмек көрсетті. Екінші азамат тек қана телефон арқылы «қай күні қай жаққа ұшсам болады» деп кеңес сұрады. Себебі, «Эйр Астана» әуе компаниясының 1-2 рейстері кейінге шегерілген болатын. Содан қалып қалған азаматтар болған. Қазіргі күні жағдай орнына қалпына келді. Рейстер кестесі бойынша ұшып жүр.

Хабар 24 телеарнасы