386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Үлкен жетілік» елдері Амазониядағы өртпен күреске ақша бөледі

  • 127
  • UPD: 12:02, 27.08.2019

«Үлкен жетілік» елдері Амазониядағы алапат өртпен күресуге 22 миллион доллар бөлетін болды.

Көмек тек қаржылай түрде ғана емес, логистикалық жағынан да көрсетіледі. Бұл туралы Биарриц қаласында өткен саммиттен кейін белгілі болды. Сөйтіп, әлемдегі экономикасы дамыған жеті мемлекет қаржыны дереу аударатын болып шешті. Франция басшысы Эммануэль Макронның айтуынша,  Париж тропикалық өртті сөндіру үшін әскери көмек те көрсетуге дайын. Өз кезегінде бразилиялық аборигендер көсемі мен қоршаған ортаны қорғау белсендісі Раони Метуртире арнайы Францияға келіп, үлкен жетілікке қол ұшын созу туралы жолдауын жеткізді. Тайпа көсемі саммитке жиналған мемлекет басшыларын Бразилия үкіметі тілсіз жаумен күресуге нақты шаралар қабылдауы үшін оған қысым көрсетуге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы