389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париждің фашист басқыншылардан азат етілуі атап өтілді

  • 181
  • UPD: 13:21, 27.08.2019
Париждің фашист басқыншылардан азат етілуі атап өтілді

Париждің  фашист әскерінен  азат етілгеніне 75 жыл. Осыған орай қала тұрғындары шеруге шықты.

Порт-д'Орлеан метросынан бастап мерекелік шараға қатысушылар одақтастарының әскери киімдерін киді. Олар  қаланы алғаш азат еткен жауынгерлердің жолымен жүріп өтті. Оның тарихына үңілсек, генерал Шарль де Голль бастаған француз жасағы  қала көшелерінде 6 күн бойы шайқас жүргізген.  24 тамызда АҚШ-тың 4-жаяу әскер дивизиясы қалаға келіп кіреді. Гитлер Париждегі мина қойылған көрнекі жерлер мен ғимараттарды жарып жіберуге бұйырады. Алайда Дитер фон Холиц тапсырманы орындамай, Франция астанасы аман қалады. Париждің азат етілуіне қоңырау соғылған еді. 75 жылдан кейін қала тұрғындары осы сол қоңырау үнін қайта естіді.

Доминик Блок-Бертье, қала тұрғыны:

- Маған  қоңырау дауысы қатты әсер етті. Осыдан 75 жыл бұрын ол Париждің азат етілгенін, соғыстың аяқталғанын хабарлап тұрғандай әсер қалдырған еді. Сол күн кешегідей көз алдымда.

Хабар 24 телеарнасы