389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та «Дориан» дауылы салдарынан 1 млн адам эвакуацияланады

  • 244
  • UPD: 09:10, 03.09.2019
АҚШ-та «Дориан» дауылы салдарынан 1 млн адам эвакуацияланады eadaily.com

«Дориан» дауылы салдарынан АҚШ-тың Оңтүстік Каролина мен Джорджия штаттарында тұрғындарды жаппай эвакуациялау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы екі штаттың губернаторлары хабарлады. Оңтүстік Каролина басшысы Генри Макмастердің мәлімдемесіне сай, қауіпсіз жерге көшіру шарасы 1 миллион адамды қамтымақ. Айта кетейік, «Дориан» дауылы ең жоғарғы 5-ші деңгейге жетті. Және АҚШ-тың Дауылды ескерту ұлттық орталығы жел жылдамдығы сағатына 300 шақырымдай екенін жеткізді. Ол соңғы 10 жылдағы ең жойқын дауылдардың бірі болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы