386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда мектепке шабуыл жасалып, 8 бала көз жұмды

  • 147
  • UPD: 11:45, 03.09.2019
 regnum.ru regnum.ru

Қытайда 40 жастағы тұрғын Хубэй провинциясындағы бастауыш мектепке шабуыл жасап, салдарынан 9 бала ауруханаға жеткізілді. Алған жарақатынан олардың 8-і өкінішке қарай көз жұмды.

Қайғылы жағдай 3 қыркүйек күні таңда болған.

Полицейлер күдіктіні ұстады, оның мұндай жауыздыққа не үшін барғаны белгісіз.

Ақпарат көзі: RT

Хабар 24 телеарнасы