389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мумбайда халық топан судан әбігерге түсті

  • 236
  • UPD: 15:18, 05.09.2019
Мумбайда халық топан судан әбігерге түсті

Мумбай қаласында су тасқыны жергілікті тұрғындарды әбден әбігерге салды. Табиғат апатынан шаһарда көлік қатынасы тежелді.

Мектептерде де уақытша жұмыс тоқтап тұр. Мамандардың айтуынша, Мумбаида 20 сағаттың ішінде 103 миллиметр жауын түскен. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Айтуынша нөсер жауын әлі бірнеше күн тоқтаусыз жауады. Әзірге апаттан мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Айта кетейік, биыл Үндістан тасқынның салдарынан қатты зардап шекті. Жауын-шашын маусымынан елдің оңтүстігі мен батыс аудандары орасан зор шығынға батты.

Хабар 24 телеарнасы