389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Google мен YouTube 170 миллион доллар айыппұл төлейді

  • 420
  • UPD: 08:28, 06.09.2019
Google мен YouTube 170 миллион доллар айыппұл төлейді

Google компаниясы YouTube видеостингтің балалар туралы заңсыз мәліметтер жинағаны үшін 170 миллион доллар айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, сот Google мен YouTube-ке бала контентін анықтауға мүмкіндік беретін жүйе енгізуді міндеттеді. Және де жасөспірімдерге қатысты мәлімет жинау туралы есеп беріп отыруы тиіс.

Айта кетейік, өткен жылы Құпиялықты қорғау жөнінде топтар одағы АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясына YouTube кәмелетке толмағандарға байланысты заңсыз мәлімет жинағаны туралы шағым түсірген. Олардың айтуынша, бұл ақпарат жарнамаға қолданылуда. Осыдан кейін комиссия істі тергеуді бастаған.

Хабар 24 телеарнасы