386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда ұшқыштар шеруге шықты

  • 140
Ұлыбританияда ұшқыштар шеруге шықты Газета «День

Ұлыбританияда 1700-ге жуық әуе рейсі кейінге шегерілді.

Бұған жергілікті British Airways компаниясы ұшқыштарының шеруге шығуы себеп болды. Жалпы саны 4 мыңнан асатын шеруші жалақының артуы мен жұмыс жағдайының жақсаруын талап етіп жатыр. Өз кезегінде компания басшылығы наразы қызметкерлермен келіссөздер жүргізуге дайын екендігін айтуда. Жоспар бойынша шеру екі күнге жалғасады. Бірақ соның кесірінен 300 мыңдай жолаушы діттеген жеріне жете алмай, жолдан қалды. Ал British Airway 80 миллион доллар көлемінде шығынға ұшырайды.

Хабар 24 телеарнасы