386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландта атыстан 3 адам қаза тапты

  • 86
  • UPD: 12:12, 11.09.2019

Нидерландта атыс болып 3 адам мерт болды. Тағы бір әйел  ауыр жарақат алды. Қазір ол жансақтау бөлімінде, дәрігерлердің жіті бақылауында жатыр.

Оқиға ДОрд-рехт қаласында болған. Жергілікті полиция өкілдерінің айтуынша, жан тапсырғандардың ішінде екі бала мен бір ер адам бар. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр. Болжам бойынша қылмыстық іс тұрмыстағы жанжалдың кесірінен болған.

Хабар 24 телеарнасы