386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та электронды темекіден екі аптада 6 адам көз жұмған

  • 329
  • UPD: 14:02, 12.09.2019
АҚШ-та электронды темекіден екі аптада 6 адам көз жұмған

АҚШ-та соңғы екі апта ішінде электронды темекіден 6 адам көз жұмды.

Бұл туралы денсаулық сақтау департаменті хабарлап отыр. Дәрігерлердің айтуынша, вейп өнімін тарту денсаулығында ақау бар азаматтардың жағдайын одан сайын нашарлатып жіберген. Өз кезегінде электронды шылымдарға зерттеу жүргізген мамандар олардың құрамында шамадан тыс Е дәрумені барын анықтады. Ол адам ағзасына пайдалы болғанымен, газ күйінде кері әсерін тигізеді екен. Осыған байланысты жергілікті билік енді тұрғындарды темекінің зиянды әсерінен қорғамақ ниетте. Мәселен, Нью-Йорк губернаторы өз штатында электронды темекіге тыйым салатынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы