389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Норвегияда Dubai Harmony мұнай танкері өртенді

  • 236
  • UPD: 13:13, 14.09.2019
Норвегияда Dubai Harmony мұнай танкері өртенді vesselfinder.com

Норвегияда Dubai Harmony атты мұнай танкері отқа оранды. Кеме Стур терминалына жақын маңда тұр.

Мәлім болғандай, оның бортында 40 кубометр жанармай бар екен. Жарылыс қаупіне байланысты терминал аумағынан 106 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Куәгерлердің айтуынша, көкке көтерілген қара түтін танкердің машина бөлімінен шығып жатыр. Бұған қоса өртеніп жатқан кеме бір жаққа қисайған көрінеді. Әзірге оқыс оқиғадан қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Белгілісі, жалыннан зардап шеккен азаматқа медициналық ем-дом көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы