389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда ісіне жауапсыз дәрігер жұмысымен бірге бостандығынан да айырылуы мүмкін

  • 165
  • UPD: 11:52, 18.09.2019
Иранда ісіне жауапсыз дәрігер жұмысымен бірге бостандығынан да айырылуы мүмкін

Иранда дәрігерлік қателіктің салдары ауыр. Егер сақтандыру компаниясы емделушіге келген шығынды өтей алмайтын болса, дәрігер оны өз қалтасынан төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның көлемі кей кездері жүздеген мың долларды құрауы мүмкін. Ирандықтар ақ халаттыларға қатаң бақылауды қолдайды.

Адамдар операциялық үстелге жатпас бұрын дәрігерлердің біліктілігіне сенімді болуды қалайды. Сондықтан Иранда емделушінің құқығын қорғайтын заң ертеден бар. Ісіне жауапсыз дәрігер жұмысымен бірге бостандығынан да айырылуы мүмкін. Заң көбіне науқастың құқығын қорғауға бағытталған. Ал дәрігерлер үшін міндетті медициналық сақтандыру енгізілген. Ол бойынша сақтандыру компаниясы төтенше жағдай болса шығынның жартысын өтейді. 

Пуян Назерян, терапевт:

Бұл жүргізушінің сақтандыруы сияқты. Әр дәрігердің осындай қағазы болуы тиіс. Мысалы, мен оған жылына 150 доллар төлеймін. Егер емделушімен оқыс жағдай болса, сақтандыру компаниясы оған айыппұл төлейді.

Егер сақтандыру компаниясының өтемақысы шығын көлемінен аз болса, емделуші арнайы медицинлық комиссияға шағымдана алады. Қате жіберген дәрігердің ісі тексеріліп, жапа шеккен адамға өтемақы төленеді. Егер оның құны 100 мың доллардан асса дәрігер қалған шығынды өзі жабады.

Фатеме Заре, дәрігер:

Кез келген дәрігер үшін ең маңыздысы рұқсат қағазы. Құжатынан айырылған дәрігер беделімен бірге көп жыл бойы оқыған мамандығынан да шеттетіледі. Сондықтан Иранда медицина қызметкерлеріне қойылатын талап қатаң.

Иран емханаларында салғырттық сирек кездеседі. Ал егер емдеу адамның өлімімен аяқталса дәрігер лицензиясынан айырылып қана қоймай, 5 жылға дейін бас бостандығынана айырылуы мүмкін.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы