389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияның либералдық-демократиялық партиясы Еуроодақтан шығуға қарсы

  • 222
  • UPD: 13:15, 18.09.2019
Ұлыбританияның либералдық-демократиялық партиясы Еуроодақтан шығуға қарсы

Ұлыбританияда Либералдық демократтар билік басына келсе, елдің Еуроодақтан шығуын тоқтатуды көздеп отыр.

Бұл туралы партия жетекшісі Джо Суинсон мәлімдеді.

«Себебі, қазіргі үкіметтің одақтан келісімсіз шығуы өз үйін өртегенмен бірдей», - дейді ол. Ал сарапшылар бұл партияның қазіргі уақытта жеке үкімет құрылымдауға шамасы аз екенін, мәлімдеме тек өз жақтастарын көбейту үшін жасалғанын айтады.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания Еуроодақтан биыл 29 наурыз күні шығуы тиіс болған. Алайда парламент Тереза Мэй үкіметінің Брюссельмен келісімін 3 рет кері қайтарып, ол қазаның 31-іне шегерілген. Бірақ Борис Джонсон үкіметі де Одақпен ортақ шешімге әлі келе алмай отыр.

Хабар 24 телеарнасы