Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжің 2022 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарының нышандарын таныстырды

  • 233
  • UPD: 15:25, 18.09.2019
Бейжің 2022 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарының нышандарын таныстырды

35 елдің дизайнерінен келіп түскен 6 мыңға жуық үлгіден панда мен қытайлық қол шам таңдап алыныпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бин Двэнь Двэнь – бұл панданың аты. Бірінші иероглиф қытай тілінен аударғанда «мұз» яғни, тазалық пен күш деген мағынаны білдіреді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Бин Двэнь Двэнь қысқы спорт түрлерін жақсы көреді және оны бүкіл әлемге паш етуге дайын. Ал, паралимпиаданың бойтұмары Шуэ Рон Рон атанды. Бұл дәстүрлі қызыл түстес қытйлық қол шам.

Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындары 2020-ші жылдың 4-ші ақпан күні басталады. Тура бір айдан соң, 4-ші наурызда паралимпиада ойындары өтеді.

Хабар 24 телеарнасы