389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египетте қорғаныс министрлігі ақысын жеген кәсіпкер президентті айыптады

  • 210
  • UPD: 17:29, 21.09.2019
Египетте қорғаныс министрлігі ақысын жеген кәсіпкер президентті айыптады

Египетте президент Абдель Фатах ас-Сисидің билігіне қарсы шерулер өтті. Нарзылық шарасы Каирде жергілікті футбол командаларының матчынан кейін басталған.

Наразылыққа Мұхаммед Али есімді кәсіпкердің үндеуі себеп. Өйткені бизнесмен қорғаныс министрлігінен соңғы мердігерлік жұмысы үшін ақысын ала алмаған. Осыдан кейін ол презиент Ас-Сисиді жемқор деп айыптап, халықтан қолдау сұрады. Үндеу әлеуметтік желі арқылы тез тарап, мыңдаған адам көшеге шыққан. Бірақ шерулер еш қақтығыссыз бейбіт түрде өтті. Ал президент Ас-Сиси кәсіпкердің айыптары негізсіз дегенді айтады.

Хабар 24 телеарнасы