389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда той кезінде әуеден соққы жасалып, 40 адам мерт болды

  • 181
  • UPD: 16:50, 23.09.2019
Ауғанстанда той кезінде әуеден соққы жасалып, 40 адам мерт болды russian.rt.com

Гильменд провинциясында той кезінде үкіметтік күштердің әуе соққысынан кем дегенде 40 адам көз жұмды.

Олардың арасында балалар мен әйелдер бар, деп хабарлайды  1TV телеарнасы.

Жойқын шабуылдан тағы 9 адам зардап шегуі мүмкін екені айтылды.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, әуе соққыларының салдарынан «Талибан» радикалды қозғалысының 14-22 мүшесінің көзі жойылған.

Хабар 24 телеарнасы