389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Англияда табын сиыр 87 жастағы қарияны таптап өлтірді

  • 224
  • UPD: 17:47, 23.09.2019
Англияда табын сиыр 87 жастағы қарияны таптап өлтірді lifebyessent.be

Қайғылы жағдай Сассекс қаласында болды, деп хабарлайды Daily Mail.

БАҚ берген ақпаратқа сәйкес, сиырлар әжей күшігімен серуендеп жүргенде шабуыл жасап, құлатқан. Зейнеткер орнынан тұруға оқталғанмен, ірі қаралар оған мұрша бермеген. Қансыраған қария өте ауыр жағдайда тікұшақпен Лондон ауруханасына жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. 

Қазір табын сиырды басқа ауданға айдап әкетті, олар адамдардан оқшау жерде ұсталмақ.

Хабар 24 телеарнасы