389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорктегі Метрополитен мұражайы Египетке ұрланған саркофагты қайтаратын болды

  • 214
  • UPD: 14:59, 27.09.2019
Нью-Йорктегі Метрополитен мұражайы Египетке ұрланған саркофагты қайтаратын болды

АҚШ ежелгі Мысыр абызы Неджеманхтың алтынмен жалатылған саркофагын Египетке қайтаратын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жәдігерді осыдан екі жыл бұрын Нью-Йорктегі Метрополитен мұражайы сатып алған еді. Алайда көп ұзамай, сарапшылар бұл табыт 2011-жылы ұрланғанын анықтады. Сол кезде Мысырда болған революциядан кейін қарақшылар мұражайлар, қоймалар мен мешіттерді тонап кеткен. 2018 жылдың шілде айынан бастап саркофаг Метрополитендегі көрменің басты экспонаты болды. Оны бұл жерде жарты миллиондай адам көріп үлгерген.

Сайрус Вэнс, прокурор:

- Екі мың жылдан аса Египетте болған бұл саркофаг 2011 жылы ұрланған болатын. Ол Дубайдағы қоймаға заңсыз жеткізіліп, кейін Германияда қалпына келтірілді. Осыдан соң Францияда саудаға шығарылды. Ақырында 2017 жылы саркофаг Нью-Йоркке жеткізіліп, Метрополитен мұражайы оны франциялық делдалдан шамамен 4 миллион долларға сатып алған. Біз қазір осы оқиғаны тергеп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы