389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бэнксидің «Азғындаған парламент» картинасы аукционға қойылады

  • 181
  • UPD: 08:38, 29.09.2019

Ұлыбританияда атақты суретші Бэнксидің «Азғындаған парламент" картинасы аукционға қойылады.

Британ парламентіндегі депутаттарды маймылдармен бейнелеген шулы туындының бәссаудасы келесі аптада өтеді. Бұл  әлемде кенепте бояумен салынған ең үлкен картина. Оның ені 4, ал биіктігі 2 жарым метр. Бэнкси оны 10 жыл бұрын салған. Алайда Брексит төңірегіндегі оқиғаларға қатысты картинаның өзектілігі тіпті артқан. Сондықтан «Сотбис» аукцион үйі ол 2 жарым миллион долларға өтеді деп болжап отыр.

Хабар 24 телеарнасы