Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлин марафонына 150 елден спортшылар жиналды

  • 199
  • UPD: 12:01, 30.09.2019

Берлин марафоны биыл 150 ел спортшылардың басын қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – жаңа рекорд. Марафонға барлығы 47 мың адам қатысқан. Олар қатты жауынға қарамастан, 42 шақырым жерді жүріп өтті. Қатысушыларға Александерплац алаңынан бастап Бранденбург қақпасына дейін жанкүйерлері қолдау білідіріп тұрды.

Айта кетейік, марафонға қатысқан ең егде жастағы спортшы – Зигрид Айхнер. 78 жастағы неміс азаматшасы әлем бойынша екі мыңдай марафонға қатысқан. Ал, белгіленген қашықтықты бірінші болып  Эфиопиядан келген спортшы 2 сағат 1 минут 41 секундта бағындырды. Дегенмен, әлемдік рекордты жаңарту үшін 2 секунд жетпей қалды. 

Фабрициус, марафон қатысушысы:

Берлин марафонына осымен екінші мәрте қатысып отырмын. Ол үшін Бразилиядан арнайы ұшып келдім. Керемет шара. Тіпті өзімнің жаңа рекордымды орнаттым. Нәтиже көңілімнен шықты.

Мигель, марафон қатысушысы:

Менің марафондарға қатысып жүргеніме көп болмады. Осыдан шамамен 1 жыл бұрын бастадым. Мұнда біз кедергісіз жүгіріп өту үшін орталық көшелер жабылған. Өте қолайлы. Мен үшін марафон – еркіндіктің символы. Себебі түрлі елден келген жүздеген адаммен бірге жүгіресің.

Хабар 24 телеарнасы