389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте наразылық акцияларынан 25 адам зардап шекті

  • 170
  • UPD: 11:20, 30.09.2019
Гонконгте наразылық акцияларынан 25 адам зардап шекті

Гонконгтегі ереуілдер басылар емес. Онда демалыс күндері болған наразылық акцияларынан 25 адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция өкілдерінің ақпары бойынша 100-ден астам тұрғын тұтқындалған. Себебі көшеге шыққан ереуілшілер тәртіп сақшыларына қарсы тас пен бөтелке лақтырып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Өрт қойып, вандализм әрекеттеріне барған. Наразы халықты тарқату үшін полицейлер көз жасаурататын газ қолданып, ереуілшілерге су шашты.

Айта кетейік, Гонконгтегі жаппай наразылық шарасы жаз айларында белең алды. Халық билік өкілдерінің жазасын өтеушілерді Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасын қабылдауына қарсылық танытты. Жаппай көтерілістерден соң Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Лам бұл бастамалардан бас тартқан еді. Соған қарамастан, оппозиция ереуілге шығуын қояр емес. Олар наразылық акциялары кезінде тәртіп сақшыларының тұрғындарға қатаң күш қолданғанына қатысты тәуелсіз комиссияның тергеу бастауын талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы