389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Финляндияда біреу колледж студенттерін қылышпен шапты

  • 191
  • UPD: 07:59, 02.10.2019
Финляндияда біреу колледж студенттерін қылышпен шапты yle.fi

Финляндияда белгісіз біреу жергілікті колледждердің біріне шабуыл жасады. Салдарынан 1 адам қаза тапты.

Тағы он шақты кісі жарақат алған. Дәрігерлер екеуінің жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Мәлім болғандай, қылышпен қаруланған белгісіз біреу колледж ғимаратына басып кірген. Сөйтіп жолына түскендерге қылышын сермей бастаған. Оқиға орнына дереу келіп жеткен полиция өкілдері қаскөйді тоқтату үшін қару қолданыпты. Құқық қорғау органдары әзірге бұдан өзге мәліметті хабарламай отыр.

Хабар 24 телеарнасы