389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда барлаушы агент өзінің 5 әріптесін пышақтап өлтірді

  • 147
  • UPD: 23:50, 03.10.2019

Франция полициясы жан түршігерлік оқиғаны бастан кешірді. Барлау басқармасының әкімшілік агенті жұмыс орнында өз әріптестерін пышақтап тастаған.

Салдарынан бес кісі қаза тапқан. Көз жұмғандардың арасында әйел адам да бар. Тергеу нұсқасы бойынша, шабуылға ішкі жанжал себеп болған. Қазіргі уақытта ғимарат қоршауға алынып, тергеу амалдары жүруде. Қайғылы жағдайға байланысты оқиға орнына ел президенті Эмманюэль Макрон, премьер-министр Эдуард Филипп пен ішкі істер министрі Кристоф Кастанер барды.

Хабар 24 телеарнасы