389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль бал арасының жаңа түрін өсіріп шығарды

  • 155
  • UPD: 15:39, 05.10.2019

Израильде өнімділікті екі есе арттыратын аралардың жаңа түрі өсірілді. Генетикалық жолмен жетілдірілген аралар қанаттарын жиі қағып, өсімдіктерді көбірек тозаңдандырады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылық саласына оң әсер етеді дейді мамандар. 

Бір қарағанда  бәрі оңай. Бірақ кез келген үй жануары секілді араларға да күтім керек. Омарталарды үнемі көшіртіп тұру қажет, әйтпесе араларға жем жетпейді. Балдың біраз бөлігін қысқа қалдыру керек - әр омартаға 20 келіден. Ал аралардан түсетін бас пайда бал емес. 

Шай Спектор, омарташы:

- Әрине бал - дәмді өнім. Бірақ қанттан оның орнына  ұқсас зат жасауға болады.  Ауылшаруашылық өнімдерінің 40 пайызы аралардың арқасында өседі. Олар өсімдіктерді тозаңдандырады, әйтпесе азық-түлік тапшылығы болар еді. 

Бүгінде аралардың жабайы түрлері табиғатта қалмады деуге болады. Әлем жұртшылығы осыдан төнген қауіпті түсініп, биозерттеулер жүргізе бастады. Израиль де генетикалық жетілдірілген араларды пайдалана бастады. Олар кәдімгілерден гөрі қанаттарын жиі қағады, яғни өсімдіктерді де көбірек тозаңдандырады. Осындай араларды тіпті жылыжайларда да қолданады.  

Міне ол осындай. Басқалардан еш айырмашылығы жоқ. Мен көрсетпесем, сен оны ажырата алмас едің. 

Шай Спектор, омарташы:

- Барлық мәселе фермерлерде. Олар зиянкестерден құтылу үшін егістіктеріне улы химикаттар сеуіп, химиялық тыңайтқыштар қолданады. Осының салдарынан аралар қырылып жатыр.  Әрине адамдар оларды әдейі өлтірмейді, бірақ осының кесірінен егін өнімділігі түсетінін түсіну керек. 

Ара бағу - өте қиын жұмыс, оны тіпті өнер деп атауға болады. Бірақ біртіндеп бұл мамандықтың беделі түсіп барады, қазір бұл сала қиын кезеңді бастан кешіп отыр. Омарташылардың орта жасы шамамен елуге тақап қалған. Аралардың көзін жоятын түрлі зиянкестер көбейіп кетті, тіпті ара вирустары да пайда болды. Бірақ ең басты мәселе - аралардың жаппай қырылуы болып тұр.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы