389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконг билігі шерулерге қатысты мәлімдеме жасады

  • 167
Гонконг билігі шерулерге қатысты мәлімдеме жасады Укринформ

Гонконг билігі жұма күнгі наразылық шеруін айыптап, мәлімдеме жасады.

Арнайы аймақ басшысының айтуынша, толқу қаланың қалыпты өміріне кедергі келтіріп, тұрғындар көп жапа шегеді. Сондықтан мұндай бүлікті тоқтатуға шақырды. Айта кетейік, бірер күн бұрын Гононг басшысы Кэрри Лам шерушілердің бетперде киюіне тыйым салу туралы қаулы шығарған. Бірақ оған қарап жатқан ел жоқ. Кеше де мыңдаған адам жиылып, полициямен қақтығыс болды. Осы аласапыранда 14 жастағы балаға оқ тиіп жараланған.

Хабар 24 телеарнасы