389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грета Тунберг АҚШ-та экологиялық шеруге қатысты

  • 153
  • UPD: 15:51, 08.10.2019
Грета Тунберг АҚШ-та экологиялық шеруге қатысты

Швециялық экобелсенді Грэта Тунберг Оңтүстік Дакотадағы шеруге қатысты.

16 жастағы оқушы қыздың қатысуымен өткен шеру Рапид-Сити қаласының орталығында өтті. Осылайша белсенділер жаһандық климат өзгерісімен күресуге шақыруда. Өз кезегінде шерушілермен тілдескен Тунберг осы беттерінен қайтпауға және ешқашан артқа шегінбеуге уәде берді. Айта кетсек, бұл шеру әлем бойынша ғаламдық климат өзгерісіне қарсы наразылық акцияларының бір бөлігі болып саналады. Дәл осындай шерулер Амстердам, Берлин, Лондон мен Сидней қалаларында да өтуде. Олардың мақсаты қоғам назарын климат дағдарысына аудару.

Хабар 24 телеарнасы