388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконг әкімшілігінің басшысына депутаттар ауыз аштырмады

  • 130
  • UPD: 14:32, 17.10.2019

Гонконгтағы жағдай әлі ушығып тұр. Бұл жолы оппозиция өкілдері Гонконг басшысы Кэрри Лэмге тікелей қарсылығын жеткізді.

Заң шығару кеңесінде мінберден мәлімдеме жасамақ болған басшының сөзін демократияшыл депуттатар тағы да бөлді. 

Бұл жолы бірнеше саясаткер басшының қақ алдына келіп отставкаға кетуін талап етті. Парламент отырысындағы бұл ай-қай шу бірінші мәрте емес. Кеше де Гонконг басшысының жылдағы халыққа жолдауы осындай айқаймен аяқталған болатын. Алты депутат Қытай қолдайтын басшының ауыз ашуына мүмкіндік бермегендіктен жолдау бейнеүндеу ретінде жарияланған еді.

Хабар 24 телеарнасы