389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде ереуілдерден 3 адам қаза тапты

  • 163
  • UPD: 17:17, 20.10.2019
Чилиде ереуілдерден 3 адам қаза тапты

Чилидегі ереуілдер көбейіп, бірқатар елді мекенде коменданттық сағат енгізілді.

Сантьяго, Чикабуко, Пуэнте Альто және Сан-Бернардо көшелерінде кешкі сағат 22:00 ден таңғы сағат 07:00 ге дейін рұқсатсыз жүруге болмайды.

Айта кетейік, елдегі жаппай ереуілдер 18 қазан күні басталған. Мұндағы жұрт метро жолақысының қымбаттауына наразы. Ереуілдің соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласқан. Кей бүлікшілер метро стансаларын қиратып, сауда үйі мен автобустарды өртеген. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 156 тұрғын жарақаттанды. Кеше қалаға қосымша әскери техникалар тартылды. Бүгін билік өкілдері тарифтің қымбаттауын жаңа келісімдер жасалғанша уақытша тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы