423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чикагода 300 мыңнан астам оқушы ұстазсыз қалды

  • 665
  • UPD: 16:07, 23.10.2019
Чикагода 300 мыңнан астам оқушы ұстазсыз қалды

АҚШ-тың Чикаго қаласында 300 мыңнан астам оқушы үшін сабақтар тоқтады,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған ұстаздардың шеруі себеп болып отыр. Мұғалімдер жалақыны және әлеуметтік жеңілдіктерді арттыруды талап етуде. Сонымен қатар олар сыныптағы бала санын азайтып, медициналық маман, кітапханашы секілді қызметкерлерді жұмысқа көбірек алу керек дейді. Өз кезегінде Чикаго мэрі Лори Лайт-фут алдағы 5 жыл ішінде оқытушылардың жалақысы 16 процентке көтерілетінін, яғни орташа жалақы жылына 100 мың долларға жететінін айтты. Бірақ ұстаздар қауымы мұны құр уәде деп бағалап отыр.

Хабар 24 телеарнасы