387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия билігі Самос аралынан 700-ге жуық мигрантты көшірді

  • 137
  • UPD: 09:34, 24.10.2019
Грекия билігі Самос аралынан 700-ге жуық мигрантты көшірді

Өйткені қабылдау орталықтарына адам сыймай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәлімет бойынша Самос аралынан 700-ге жуық мигрант көшірілген. Мұнда 650 адамға арналған лагерьді 5700 кісі паналаған. Ол аздай, өткен аптада Ауғанстан мен Сириядан келген босқындар жаппай төбелес ұйымдастырып, артынан өрт қойған. Салдарынан аралдағы лагерьдің бір бөлігі жанып кетті.

Негізі биыл тамыз бен қыркүйектің өзінде Грекияға 21 мың мигрант келген екен. БҰҰ өкілдерінің мәлімдеуінше, жергілікті аралдарда орналасқан 5 ресми лагерьде қазір 34 мыңға тарта адам тұрып жатыр. Осы ретте билік көші-қон саясатын қатаңдатуға ниетті. Атап айтқанда, келесі жылдың соңына дейін 10 мың адамды отанына кері қайтару жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы