Шри-Ланкада толассыз жауған нөсер соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салдарынан 6 адам көз жұмған. 1600-ден аса тұрғын үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Топан судан зардап шеккендер саны 8 мың адамға жуықтайды. Мамандар алдағы күндері нөсер басылмайды дейді. Сондықтан таулы аймақтарда лай көшкіні жүру қаупі барын ескертеді.