386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде медициналық факультеттің студенттері ірі ауруханаларда білім алады

  • 111
  • UPD: 19:43, 30.10.2019

Әр университеттің өз клиникасы бар,деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда студенттер үнемі тәжірибе жинай алады.

Туғанынан қос жанары көрмейтін қыз артында тұрған экранда не көрсетіліп тұрғанын айта алады. Тың технологияның көмегімен зағип жан айналадағы жағдайды есту арқылы сезеді. Осылайша, Иерусалим университетінің ғылымдары дыбыс арқылы суретті жеткізе алатын арнайы жабдық пен бағдарлама ойлап тапқан.

Амир Амеди, бағдарлама әзірлеушісі:

– Біз суретті анықтап оны дыбыстық толқындармен жеткізетін бағдарлама ойлап таптық. Осылайша зағип жандар оқиғаны көз алдына елестете алады. 

Зерттеулер Адасса университеттік клиникасында жүргізіледі. Бұл – Израильдегі ең көне әрі әлем бойынша ең ірі аурухананың бірі. Мұнда ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Әрі медициналық факультеттің клиникалық орталығы саналатын мекемеде бір уақытта мыңдаған науқас емделсе, студенттер білім алып, тәжірибе жинайды. Сонымен қатар, жаңа дәрілер шығарылып, түрлі ауру түрлерінің емдеу әдістері зерттеледі. Мысалы қазір мамандар дің жасушаларын қолданып, жан-жақты сараптауда.

Аарон Ор, профессор:

– Қазір Израиль медициналық тұрғыда дің жасушаларын қолдануды зерттеп жатыр. Жаңа технология ойлап табудың жолындамыз. Ауыр емделетін потологиялармен күресу үшін осы жасушаларды қолданатын боламыз.

Шахар Майденбаум, ғалым:

– Өзім де осы факультеттің қабырғасында білім алдым. Зертханаларда тәжірибе жасаған кезде зерттеу жұмысымен айналысамын деп нақты шешім қабылдаған болатынмын. Енді міне, техникалық тұрғыдан болса да алған білімімнің жемісін көріп отырмын. 

Бүгінде Адассада қант диабеті, гендік терапия мен адам биологиясы бойынша бірнеше зерттеу орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, тері және сүйек майының ұлттық банкі де жасақталып жатыр. 

Авторлары: Сергей Ауслендер.

Хабар 24 телеарнасы