427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда сайлау өткізуді көздейтін комитет жұмысын бастады

  • 933
  • UPD: 22:54, 30.10.2019

Женевада Сирияның конституциялық комитеті жұмысын бастады. Мақсат – елде конституциялық реформа өткізуге дайындық жүргізу және сол реформа аясында Сирияда сайлау өткізу.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериштің мәлімдеуінше, бұл жиын барысында Таяу Шығыстағы мәселенің күрмеуін шешу үшін Сирия үкіметі алғаш рет оппозиция өкілдерімен кездеседі.  Оның қатарында күрд жасақтары мен Сирияның демократиялық күштері де бар. Барлығы 150 делегат тараптардың қызығушылығын қорғайтын болады. Комитеттің алғашқы отырысы елдің солтүстік-шығысындағы шиелініске қатысты өрбіді. Түркия, Иран, Ресей елдерінің сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізді. Осы орайда Мевлют Чавушоглу өңірден күрд жасақтарын көрсек, олардың дереу көзін жоямыз деп мәлімдеме жасады. 

Мевлют Чавушоглу, Түркия сыртқы істер министрі:

- Ресейлік тарап қауіпсіздік аймағынан күрд жасақтарының кеткенін мәлімдеді. Әрине, бұл жаңалыққа сенеміз. Өйткені өңірді лаңкестерден азат ету жұмыстарын бірге жүргіздік. Келіскендей операцины тоқтаттық. Дегенмен, Сирияның солтүстік-шығысынан күрд жасағын көретін болсақ, ойланбастан көзін құртамыз.

Хабар 24 телеарнасы