Ауғанстанда жарылыс болып, салдарынан 9 оқушы қайтыс болды. Оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Тахар провинциясында тіркелген.
Жолға қойылған жарылғыш зат балалар мектепке бара жатқан кезде іске қосылған. Әзірге ешбір топ қылмысты өз мойнына алған жоқ.