375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Джокерді» сомдаған актер «Оскарға» үміткер

  • 295
  • UPD: 16:22, 04.11.2019
«Джокерді» сомдаған актер «Оскарға» үміткер esquire.ru

«Оскардың» ең үздік ер адам рөлі үшін берілетін марапаттына Хоакин Феникс ұсынылды, ал екінші санаттағы рөл үшін берілетін марапатқа Роберт де Ниро үміткер.

Warner Bros студиясының өкілдері америкалық киноакадемияның 16 номинациясының жеңімпаздары арасынан «Джокер» картинасын көргілері келетіндерін мәлімдеді, деп жазады Comic Book порталы.

Олардың пікірінше, фильм үздік атану үшін басқа фильмдермен бәсекелес болуға лайық. Сонымен қатар олар сценарий, монтаж, саундтрек, режиссерлік жұмыс, көрнекі эффекттер және басқаларды ескеретін бірқатар категорияларды атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы