376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Санто-Домингода 427 жұп бір мезетте меренге биін билеп, Гиннесс кітабына енді

  • 228
  • UPD: 08:47, 05.11.2019
Санто-Домингода 427 жұп бір мезетте меренге биін билеп, Гиннесс кітабына енді

Доминикан Республикасының астанасы Санто-Домингода 427 жұп бір мезетте меренге биін биледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыншама қатысушының арқасында осы бір хореографиялық номер Гиннестің рекордтар кітабына енді. Кітап өкілі Наталья Рамирестің айтуынша, доминикандықтар 2013 жылы Ресейдің Хабаровск қаласында орнатылған рекордты жаңартып отыр. Сол кезде меренге биін 330 жұп билепті.

Айта кетейік, 3 жыл бұрын меренге биі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген болатын.

Хабар 24 телеарнасы