385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузиялық заңгер ауылына оралып, жаңғақ өсірумен айналысып жатыр

  • 107
  • UPD: 14:13, 07.11.2019

Ауылдың болашағы жас мамандардың қолында. Грузия тұрғыны Лия Мухашаврияның пікірі осыған саяды. Білікті маман ел астанасында заңгерлік тәжірибесін шыңдап, кейін еңбек жолын ауылында жалғастырады. Онда ауылшаруашылық кооперативін құрып жаңғақ өсірумен айналысады.

Мамандығы бойынша заңгерлік білімі бар грузиялық Лия Мухашаврия ата-бабасы туып өскен жерге келіп кәсіп ашқан. Қазір жергілікті заң бойынша жүйелі  ұйымдастырылған ісінің жемісін көріп жатыр. 

Лия Мухашаврия, «Гуриялық жаңғақ» кооперативінің басқарушысы: 

- Ауылшарушылық кооперативтеріне қатысты жаңа заң қабылданғаннан кейін бұл салада жұмыс істеуге шешім қабылдадым. Өзім әр үйді аралап тұрғындарды кооперативке бірігуге шақыра бастадым. Өйткені күшіміз бен техникамызды біріктірмесек, онсыз да жағдайы мүшкіл ауылшаруашылық саласында жетістікке қол жеткізу мүмкін емес.

Лия 97 отбасының басын қосып мемлекеттің қолдауына ие болды. Осыдан екі жыл бұрын жаңғақ өңдеу зауытын салды. Қазір техниканың тілін меңгеріп өз ісін дөңгелетіп отыр. Алда трактор сатып алу жоспары бар.

Лия Мухашаврия, «Гуриялық жаңғақ» кооперативінің басқарушысы:  

- Әрине ауылда өмір сүру оңай емес. Өйткен мұнда қаладағыдай жағдай жасалмаған. Бірақ жаңа істі үйрену мен үшін өте қызықты. Мінезім сондай. Құрбыларым «сенің жасыңда адам өмірін өзгертпейді»  деп таңқалады. Алайда менің қолымнан келді деп ойлаймын. 

Лия Мухашаврия Батыс Грузиядағы Кооперативтерді дамыту қорының басқарма мүшесі бола тұра, 3 тілді жетік меңгерген маман. Оған қоса, екі  жетім баланы бауырына басқан қайырымды жан өзгелерге үлгі болып отыр. 

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Ал қандай жаңғақтардың денсаулыққа пайдалы екендігін білгіңіз келсе, мына сілтемеден оқуға болады.

Хабар 24 телеарнасы