389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Қытай тауарын заңсыз саудалаған компания анықталды

  • 105
  • UPD: 15:24, 08.11.2019
АҚШ-та Қытай тауарын заңсыз саудалаған компания анықталды

АҚШ-тың Aventura Technologies деген компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, IT саласында қызмет ететін алып компания Қытайдан импортталған бақылау жүйелері мен бағдарламалық жасақтамаларды заңсыз сатумен айналысқан. Белгілі болғандай, бұл құрылғылар әскери базалар мен кемелерде пайдаланылады. Тергеу барысында Қытай тауарлары 13 жыл бойы «АҚШ-та жасалған» деп сатылғаны анықталды. Қазір компанияның 7 қызметкеріне қатысты айып тағылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы