376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрияда толассыз жауған қардан жолдар жабылды

  • 285
  • UPD: 09:28, 14.11.2019
Австрияда толассыз жауған қардан жолдар жабылды

Австрия қар құрсауында қалды. Салдарынан жергілікті билік бірнеше өңір тас жолындағы автокөлік қозғалысына шектеу қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі бір тәулік ішінде 40 сантиметрдей ақ ұлпа түскен. Бірнеше қалада мектеп пен балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатты. Коммуналдық қызмет көшедегі қарды тазалап, үлгермей жатыр. Себебі қар ылғалды және ауыр болып кедергі келтіруде.

Хабар 24 телеарнасы