410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Киевтегі автобустардың 70 пайызы ескі

  • 458
  • UPD: 15:20, 19.11.2019

Қоғамдық көлік және олардың қауіпсіздігі Украинада ең өткір тақырыптардың бірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Киевтегі автобустардың 70 пайызға жуығы ескірген және қыс мезгілінде олардың қозғалысы ауырлайды. Қаладағы апатты жағдайлар тозығы жеткен автобустардың кесірінен жиі орын алады.

Бұл екі апта бұрын ғана Киевтің орталық көшесінде орын алған төтенше жағдай. Жолаушы тасымалдайтын нөмірі 485 автобустың дөңгелегі тура жол үстінде түсіп қалады.Әбден ескірген қоғамдық көлікті Киевте көптен кездестіресіз. Әсіресе, автобустардың тозығы жеткен.

Дмитрий Рахматуллин, көлік инфрақұрылымы департаменті директорының орынбасары:

– Өкінішке қарай, транспорттық көліктерді ауыстыратын уақыт келді. Олардың 60-70 пайызына дейін ескірген. Кіші автобустарды үлкенге айырбастау қажет. Ескі әрі көлемі кіші көліктер аз жолаушы тасымалдайды әрі қала қозғалысын қиындатады.

Қар жауып, қыс түскенде автобустардың жағдайы одан әрі қиындай түседі. Билік қаладағы жылдамдықты сағатына 50 шақырымға дейін төмендеткенмен, транспорттық коллапс саны азайған жоқ.

Дмитрий Рахматуллин, көлік инфрақұрылымы департаменті директорының орынбасары:

– Стаститикамыз жақсы емес. Жаңбыр жауса бітті, қала қозғалмай қалады. Жол көлік оқиғасы артады, сәйкесінше қоғамдық көлік өз уақыты бойынша жүрмейді. Жүйелілік жоқ.

Көлік инфрақұрылымы департаментінің мамандары, Киевке жаңадан 231 үлкен автобус қажет екенін айтады. Алайда, оған қазынадан қаражат қарастырылмаған. Қоғамдық көлікті жаңарту үшін Киев әкімшілігі батыс банктерінен несие алуды жоспарлайды.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Сергей Качанов.

Хабар 24 телеарнасы