376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Одессада колледж өртеніп, 43 жастағы әйел көз жұмды

  • 250
  • UPD: 11:31, 05.12.2019
Одессада колледж өртеніп, 43 жастағы әйел көз жұмды

Украинаның Одесса қаласында колледж өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан бір әйел көз жұмған. Марқұм білім ошағында жұмыс істеген 43 жастағы оқытушы болып шықты. Тағы 14 адам жараланған. Дәрігерлер екеуінің жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Өрт 6 қабатты ғимараттың үшінші қабатынан басталып, бірден жоғарыға лап берген. Куәгерлердің айтуынша, кейбір студенттер терезеден сыртта тұрған көліктердің үстіне секірген. Тілсіз жау 4 мың шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Оттың ауыздықталғаны белгілі. Алайда, нақты неден тұтанғаны әзірге беймәлім.

Хабар 24 телеарнасы